• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

«Дәстүрлі діни таным негіздері және қазақ қызы» тақырыбында облыстық семинар өтті

0

Картинки по запросу дін семинар

Жамбыл облыстық дін істері басқармасы мен дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен қалалық мәдениет үйінде  «Дәстүрлі діни таным негіздері және қазақ қызы» тақырыбында облыстық семинар өтті.  Онда отбасылық құндылықтарды сақтай отырып дін мен дәстүр сабақтастығын айқындау оның ішінде қыз бала тәрбиесі мен олардың құқықтарын қорғау сынды мәселелер қозғалды.Семинар-тренинг әр білім ошақтарында құрылған «Қыз Жібек» клубының жетекшілері мен мүшелеріне арналып өтті. Қазір бұл клубтың құрамында 4000 мыңнан аса қыз-келіншектер бар. Кездесудің мақсаты дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алуға байланысты ұлттық діни танымды насихаттау арқылы қазақ қызына үлгілі бейне қалыптастыру.

Семинарға Республиканың әр өңірінен келген білікті мамандар дәріс оқыды. Олардың қатарында белгілі теолог мамандар, профессор оқытушылар мен қоғамдық бірлестік жетекшілері бар. Қонақтар өз сөздерінде қоғамдағы дін мен әйел адамның рөлі және қыз-балалардың тәрбиелік ерекшелігі туралы, дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері сондай-ақ, дәстүрлі діни танымның құндылықтары жайында кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар қатысушылар да белсенділік танытып, толғандырған сұрақтар бойынша өзара пікір алмасты. Жиын соңында «Қыз Жібек» клубтарының қызметін оңтайлы үйлестіре білген клуб мүшелері облыс әкімдігі дін істері басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Пікір қалдыру