• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Жамбыл облысында әйелдер кәсіпкерлігі субьектілерінің саны өседі деп күтілуде

0

Картинки по запросу іскер әйелдер

Жамбыл облысында әйелдер кәсіпкерлігі субьектілерінің саны өседі деп күтілуде. Банктер әйелдер бизнесін шағын несиелеу бағдарламасы аясында жобаларды қаржыландыруға және ынтымақтасуға дайын. Осыған орай, өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтіп, екінші деңгейлі банктер мен кеңес арасында екіжақты келісім жасалды. «Халық» банкі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесі арасында Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі субьектілеріне шағын несие беру бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыруға 2 млрд теңге бөлінген болатын.  Баағдарлама іске қосылған сәттен бастап облыста несиелеуге 50-ге жуық өтінім келіп түскен. Оның ішінде 59,4 млн. теңгеге 9 жоба қаржыландырылып отыр. Сондай-ақ, «Бастау» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жыл басынан бері облыста 556 кәсіпкер қыз-келіншек оқытылса, олардың 97-і қаржыландырылып, өз ісін ашқан.  Бүгінгі таңда өңірде халықтың бестен бір бөлігі  — өзін-өзі қамтығандардың қатарында. Ал басым бөлігін  — әйелдер құрайды. Басқосуда Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы «Жамбыл облысының туризмі — өңіраралық жеке шекара маңы ынтымақтастығы саласында үлкен әлеуетке ие екеніне және бұл секторды дамытудың маңыздылығына тоқталды. Кездесу соңында іскер ханымдар әйелдерді кәсіпкерлікке тартуға ықпал ететін ұсыныстарымен бөлісті.

Пікір қалдыру