• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Таразда «10-шы Дулати оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

0

Картинки по запросу дулати конференция

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Дулати мұралары және әлем руханияты» тақырыбында «10-шы Дулати оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара білім ордасының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Конференцияға шетелдік және қазақстандық тарихшылар мен шығыстанушы ғалымдар қатысты.Салтанатты жиын  іргелі оқу ордасының оқытушылар құрамынан құрылған  экцпедициялық топтың «Үндістанға сапар» деректі фильмімен басталды. Мұнда олардың  Кашмирдегі Дулатидің басына барып рухына тағзым етіп, сонымен бірге Үнді елінде «Мұхаммед Хайдар Дулати – Үндістан мен Қазақстан арасындағы алтын көпір»атты конференцияға қатысқандығы түсірілген. Осылайша, арнайы топ ғұлама жайындағы  тың деректермен  танысып қайтады. Бұдан кейін оқу орнының мерейтойға арнайы шығарылған кітаптардың тұсауы кесілді.Халықаралық ауқымды жиында ғалымдар Дулатидың өмірі мен соңына қалдырған мұрасы жөніндегі ойларын ортаға салды. Пленарлық мәжіліс барысында тарих ғылымдарының докторы Талас Омарбеков Дулати көтерген идеялардың қазіргі заманда қалай зерттеліп жатқандығын әңгімелеп, оның бастаған ісін әрі қарай  жалғастыру жайындағы оймен бөлісті.  Орта ғасырдағы қазақ тарихының көрнекті өкілі, Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәңгілік жасайтын ғажайып бай мұраларына  арналған  көптеген құнды зерттеу еңбектер мен мақалалар жазылып жүр. Бұл бағыттағы жұмыстарға ғұламаның есімін иеленуші Тараз мемлекеттік университеті де өзіндік деңгейде нәтижелі жұмыстар атқаруда. Ал торқалы тойға арналған іс-шаралар ертең технологиялық кешенде бірнеше нысандардың ашылуымен жалғасатын болады.

Пікір қалдыру