• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Таразда арзан бағадағы жәрмеңке өтті

0

Картинки по запросу жәрмеңке

Жылдағы дәстүр бойынша күзгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталды. Орталық «Достық» алаңында өткізілген жәрмеңкеде облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды. Күз маусымының бел ортасында өткізіліп отырған сату алаңының мақсаты қала тұрғындарын арзан бағада азық-түлікпен қамтамасыз ету. Жәрмеңкенің жалпы құны 59 млн теңгені  құрап, онда 300 тонна тауар сатылымға түсті. Барлығы 50-ге жуық өнім саудаға шығарылған. Атап айтқанда 16 тонна ет, 4 тонна шұжық, 6 тонна сүт өнімдері, 7 мың дана жұмыртқа, 30 тонна дәнді дақылдар мен 241 тоннаға жуық жеміс-жидек өнімдері ұсынылды.Жәрмеңкенің басты артықшылығы — бағаның төмендігінде. Азық-түліктердің бағасы нарық құнынан 15-20 пайызға арзан. Тауар өндірушілер өнімдерін делдалсыз сатуға, ал қала тұрғындары қажеттісін арзан бағада сатып алуына мүмкіндік туды. Жамбыл облысының ет өнімдері халыққа ұсынылып, еліміздің бүкіл аймақтарына қол жетімді бағада таратылады. Бұл жолы да қой еті- 1200 тг, сиыр еті – 1300 тг, ал, жылқы еті 1500 тг. Мәселен, Тұрар Рысқұлов ауданынан келген 5 ірі қара малының еті 1 сағаттың көлемінде сатылып кеткен.Биылғы жылы алғаш рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңке алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Пікір қалдыру