• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Өңірдегі 49 колледждер бойынша 750 орынға жатақханаға қажеттілік бар

0

Студенттерді жатақханамен қамту Елбасы тапсырмасы. Алдағы 4 жылдың ішінде бұл мәселе түбегейлі шешілуі керек. Жергілікті биліктің бұл іске жедел кірісуі маңызды. Осы жағдайға байланысты бүгін облыстық әкімдікте семинар кеңес өтті. Жиынға ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының» өкілдері арнайы келіп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік  аясындағы тірліктердің тиімділігін түсіндіріп,  бизнес құрылымдарын жатақхана салуға шақырды.Жамбыл облысындағы студенттердің 66 пайызы жатақханамен қамтылған. Өңірдегі 49 колледждер бойынша 750 орынға жатақханаға қажеттілік бар. Жатақхана тапшылығы өңірдегі жоғару оқу орындарында да сезіледі.  Мемлекет қазір жатақхана саламын деген кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын. Айта кетерлігі, нысанды нөлден бастап салу міндетті емес. бұл ретте бос тұрған ғимараттарды мақсатты пайдаланып, жатақханаға айналдыру мүмкіндігі де бар. Тек ол ғимараттың соғылған мерзімі 50 жылдан аспауы керек. Сондай-ақ, ол нысан келісім-шартқа сәйкес, жатақханалық қызметтен өзге мақсатқа пайдаланылмауы тиіс. Ал егер, ғимарат бес қабатты болып, оның тек төртеуін ғана жатақхана қыламын десе, кәсіпкердің өзге қабаттарды студенттерге қажет компьютерлік орталық, кітапхана немесе өзге де қызмет көрсетуге бағыттауына болады.

Пікір қалдыру