• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Жамбыл облысында 10 000 гектар жерге қант қызылшасы егілді

0

Елбасы өзінің биылғы жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытып, техникалық дақылдардың көлемін арттыру арқылы қант қызылшасымен өз өзімізді толық қамту мәселесін алға қойған еді. Ұлт көшбасшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында биылғы жылы Жамбыл облысында 10 000 гектар жерге қант қызылшасы егілді. Оның басым көпшілігі, Меркі, Шу, Тұрар Рысқұлов және Қордай аудандарына тиесілі. Қазір осы аудандарда қант қызылшасын жинау науқаны жүріп жатыр.   Облыста қант қызылшасын егу жөнінен жақсы нәтиже көрсеткен өңірлердің бірі Қордай ауданы. Қордай жері бұрыннан техникалық дақылдың нақ осы түрін өсіруге өте қолайлы болатын. Сондықтан да қазір де Қордайлық шаруалардың дені қант қызылшасын өсіреді. Ауданда бүгінгі таңда 45 шаруашылық 1000 гектардан астам жерге қант қызылшасын екті. Қордай ауданында 250 гектар жерге балтамыр отырғызған ірі серіктестіктің бірі «Самғау» шаруа қожалығы. Бұл ұжымда қазір ауылшаруашылығы техникалары барынша жаңартылған. Мәселен: қызылшаны қолмен емес, заманауи Джондир тракторларымен жиналады. Қазір 80- пайыз өнімді жинап үлгерген серіктестік биыл гектарына 800- центнерден өмін алып отыр. «Самғау» серіктестігі қант қызылшасымен қатар, биыл 300- гектар жерге жүгері дақылын екті. Қазір ол да жиналу үстінде. Жүгеріне көбіне мал азығына пайдаланамыз дейді ауыл еңбеккерлері.

Пікір қалдыру