• Валюта бағамы: USD 371.31 | EUR 419.32 | RUB 5.59 | CNY 53.83 |

Тараз қаласында өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті жолдауы талқыға түсті

0

Картинки по запросу тараз нұр отан

Тараз қаласында өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының  кезекті жолдауы  талқыға түсті. Онда «Бес әлеуметтік бастама» үндеуінің ең маңызды бағдарламасы «7-20-25» -тің өзгерістері жөнінде айтылды. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының І кезеңін қорытындылады. Осы шараның аясында жергілікті жерде атқарылған жұмыстар сараланып, үздіктер анықталды. Байқау бастауыш партия ұйымы қызметін насихаттау және жұмысын жандандыру мақсатында өткізілді. Республикалық  сайыстың ережесіне сәйкес, өңірлік филиалда арнайы комиссия құрылып, барлық қатысушылардың жұмыстары бақыланды. Қатысуға ынта білдірген мүшелер саны 5 мыңға жуық. Олардың  ішінен белсенділер таңдалып, «Үздік төраға, төрайым» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.Байқау соңында «Үздік бастауыш партия ұйымдары» анықталды. Қорытындылай келе «Облыстық перинаталдық орталық», «Құмшағал», «Бәйтерек» ұйымдары ІІ кезеңге өтіп, озық атанды.

Пікір қалдыру