• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Меркі ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілетін жәрмеңке өтті

0

Картинки по запросу мемлекеттік қызмет көрсетілетін

Мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мақсатында Меркі ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызмет жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызметтерді ашық, қол жетімді, әрі сапалы ету мақсатында қолға алынған. Аталған шараны Меркі ауданы әкімінің аппараты мен Халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырды. Жәрмеңкеге әр сала мамандары қатысып, ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі туралы түсіндірді. Сондай ақ азаматтардың тарапынан туындаған  сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызметтерді алуға жағдай жасалды. Осыған дейін мұндай іс шаралар аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдарда да өткізілген болатын. Жәрмеңкеде электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін кез келген уақытта алуға, ақпараттарға  оңай әрі жылдам қол жеткізуге болатыны да түсіндірілді. Айта кетейік, жәрмеңке Меркі ауылының халық көп жиналатын «ММ Меркі» сауда орталығында өтті.Іс –шара барысында «ЛЕД» экран арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық үкіметтің веб-порталы  арқылы алу тәртібі туралы бейне роликтер де көрсетілді. Жергілікті тұрғындардың аталған іс шараға қызығушылығын арттыру мақсатында «EGOV» белгісі бар ыдыстар, қаламсаптар мен кітапшалар табысталды.

Пікір қалдыру