• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Қордайда алтын өндіретін зауыт жұмысы қарқынды жүріп жатыр

0

Елбасы биылғы жолдауында кәсіпкерлікті дамытуға кең өріс ашып, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырды. Ол үшін алдағы жылдары қосымша 300 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Осы бағытта жұмыс істейтін өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі Қордай ауданындағы«Централ Азия Голд Продакшн» компаниясының өндіріс орыны. «Централ Азия Голд Продакшн» компаниясының жобалық құны 2 миллиард 100 миллион теңге. Ол мемлекеттік «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы қаржыландырылған. Негізгі мақсаты қымбат және түсті металларды қорытып өңдеу. Шикізат осындағы Көгадыр кенішінен алынады. Ол өңірдегі алтынды ашық әдіспен өндіретін бірден бір кәсіпорын. Зауыт ашылғалы бері аудан әкімдігінің бюджетіне түсетін салық мөлшері де екі есеге артқан.

Бұл өндіріс орынында 200- ден астам адам жұмыс істейді. Олардың басым көпшілігі алтынды топырақтан ажырататын мына зауытта еңбек етеді. 1- тонна шикізаттан небары 1-грамм 75- милиграмм ғана алтын табылуы мүмкін. Осыған қарамастан 2018 жылдың 9- айында бұл зауыт 73 келіге дейін алтын, 10- келі күміс өндірген. Топырақтан ажыратылған алтынның бөлігі Астана қаласына жіберіліп, сол жақтан құйма түріндегі формасы пайда болады. Кейін ҚР Ұлттық банкіне өткізіледі.

Пікір қалдыру