• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Коалиция отырысында жолдауды талқылады

0

Картинки по запросу коалиция отырысы тараз

Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құралған демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысында Мейрамбек Мылтықбайұлы Елбасы өзінің Жолдауында әкімдерге «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары аясында жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырғанын айтып, қоғамдық ұйым өкілдеріне аталмыш бағдарламаны кеңінен насихаттау туралы ұсынысын білдірді. Және «Жастар жылын» жарқыратып өткізудің тетіктерін қарастыру қажеттігін де сөз етті. Өз кезегінде, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының төрағасы, ТИГУ-дың ректоры Ерболат Саурықов ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру туралы айта келе, оның басты жолы суармалы егін шаруашылығын дамыту екендігін атап өтті.
Жиында бұдан өзге де қоғамдық ұйым өкілдері ойларын ортаға салып, Жолдауда көрсетілген басымдықтарды іске асырудың жолдарын саралады.
Басқосу соңында аймақтық коалицияның Жолдауға қолдау білдірген Үндеуі қабылданды.

– Елбасының Жолдауында қоғамда қызу талқыланып жүрген ең өзекті әлеуметтік мәселелер қамтылған. Мемлекет басшысы айқындап берген әлеуметтік жаңғырудың негізгі басымдықтары Қазақстанды өмір сүру деңгейі жағынан әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосатын негізгі тетікке айналып отыр. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы нақты бағыттар бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізбек. Осы мақсатта облыстағы барлық саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар Жолдау басымдықтарын жүзеге асырудың тиімді тетіктерін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқаруға үлес қосуды көздеп отыр – деген Мұратхан Жүнісәліұлы Мемлекет басшысының ұсыныстарын азаматтық қоғам өкідерінің қолдап отырғанын, оған демократиялық күштердің облыстық коалициясының жиыны дәлел екенін жеткізді.
Мұнан кейін сөз алған «Жамбыл облыстық кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген бұл Жолдаудың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жалғасы екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Мейрамбек Мылтықбайұлы Елбасы өзінің Жолдауында әкімдерге «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары аясында жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырғанын айтып, қоғамдық ұйым өкілдеріне аталмыш бағдарламаны кеңінен насихаттау туралы ұсынысын білдірді. Және «Жастар жылын» жарқыратып өткізудің тетіктерін қарастыру қажеттігін де сөз етті. Өз кезегінде, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының төрағасы, ТИГУ-дың ректоры Ерболат Саурықов ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру туралы айта келе, оның басты жолы суармалы егін шаруашылығын дамыту екендігін атап өтті.
Жиында бұдан өзге де қоғамдық ұйым өкілдері ойларын ортаға салып, Жолдауда көрсетілген басымдықтарды іске асырудың жолдарын саралады.
Басқосу соңында аймақтық коалицияның Жолдауға қолдау білдірген Үндеуі қабылданды.

Пікір қалдыру