• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Мамандар 7-20-25 бағдарламасына қатысуға ниеттілердің қатары артып келе жатқанын айтты

0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы негізінде ҚР Ұлттық Банкі дайындаған «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы ағымдағы жылдың шілде айынан бастап іске қосылды. Жобада ипотекалық қарызды бастапқы 20 пайыз жарна төлей отырып, 25 жылға 7 пайыздық сыйақы мөлшерімен беру қарастырылған. Аталған бағдарлама бойынша еліміздің кез келген өңіріндегі бастапқы нарықтан баспана алуға несие рәсімдеуге болады. Бүгінде бағдарлама аясында банктер үйлі болуға үміткерлерге алғашқы несие бере бастады. Бағдарламаға қатысу көрсеткіші бойынша қазіргі таңда Астана, Алматы, Ақтау қалалары көш бастап тұр. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей қадағалауымен бұл бағытта облысымызда да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осыдан бірнеше жеті бұрын облыстық әкімдікте аймақ басшысы Асқар Исабекұлының төрағалығымен өткен жиында бағдарламаның өңірімізде жүзеге асырылу барысы кеңінен талқыланды. Алқалы жиында облыс әкімі жауапты сала мамандарына шарапаты мол бағдарламаға тұрғындардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру үшін түсіндіру жұмыстарына басымдық беруді баса айтып өткен болатын. Екінші деңгейлі банк өкілдері, өзге де құзырлы мекеме басшылары Асқар Исабекұлының тапсырмасына сәйкес тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, білек сыбана іске кірісіп кетті.
Мәселен, жуырда ғана Тараз қаласындағы «Болашақ» колледжінде өткен кездесуде ҚР Ұлттық Банкі облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрлан Берікбосынов бастаған жұмыс тобы бағдарламаның механизмін түсіндіріп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Жауапты мамандар күн өткен сайын облысымызда бағдарламаға қатысуға ниеттілердің қатары артып келе жатқанын айтты

Пікір қалдыру