• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

ТАЛАС АУДАНЫНДА 23 АУЫЛДЫҢ 9-Ы ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

0

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Талас ауданы әкімі Досмаханбет Алиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды /spiker.kz

Досмаханбет Қасымұлыауданының соңғы 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Ағымдағы жыл еліміз үшін табысты да берекелі, қуаныш пен жасампаздыққа толы жыл болды. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы жалпы өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 22 млрд. 109 млн. теңгені құрап, 14,0%-ға немесе 2 млрд. 715 млн. теңгеге өсті. (2017 жылы 19,394 млрд. теңге) Өнеркәсіп өнімдері 11 млрд. 736 млн. теңгеге өндіріліп 116,4 пайызға артық орындалды. Нақты көлем индексі 110,9% құрады.Есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 228 млн. теңгені құрап, 2017 жылымен салыстырғанда 136,9 пайызға орындалды. Ауданда 2018 жылдың 1 қыркүйегіне кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1 739 адамды құрады. Аудандағы 23 ауылдық елді мекендері ішінен 9 елді мекенге газ құбыры жеткізілген. Пайдалануға берілген тұрғын жай 22 269 шаршы метрді құрап, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 3,3 есеге өсіп, немесе 15 616 шаршы метрге артық орындалды.

Пікір қалдыру