• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

«Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының І кезеңін қорытындылады

0

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының І кезеңін қорытындылады. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының  кезекті жолдауы да талқыға түсті. Онда «Бес әлеуметтік бастама» үндеуінің ең маңызды бағдарламасы «7-20-25» -тің өзгерістері жөнінде айтылды. Байқау соңында «Үздік бастауыш партия ұйымдары» анықталды. Қорытындылай келе «Облыстық перинаталдық орталық», «Құмшағал», «Бәйтерек» ұйымдары ІІ кезеңге өтіп, озық атанды.Осы шараның аясында жергілікті жерде атқарылған жұмыстар сараланып, үздіктер анықталды. Олардың  ішінен белсенділер таңдалып, «Үздік төраға, төрайым» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.Байқау бастауыш партия ұйымы қызметін насихаттау және жұмысын жандандыру мақсатында өткізілді. Республикалық  сайыстың ережесіне сәйкес, өңірлік филиалда арнайы комиссия құрылып, барлық қатысушылардың жұмыстары бақыланды. Қатысуға ынта білдірген мүшелер саны 5 мыңға жуық.

Пікір қалдыру