• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Қалалық актив жиыны өтті

0

Картинки по запросу актив жиыны тараз

Тараз қаласында актив жиыны өтті. Онда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға арналған  тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелер айтылды, деп хабарлайды spiker.kz

Біріншіден  Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаңа екі мөлтек аудандарының құрылысы басталды.
Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, а.ж. 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы — 20 үй (1 380 пәтер) пайдалануға тапсырылатын болады. Жалпы, Тараз қаласында 686 пәтер бағдарламаға қатысуға ниет білдірген азаматтарға ұсыну үшін.Екінші мәселе,облыста бір пәтерге ең жоғарғы заем сомасы орта есеппен 12,0 млн. теңге болса, бір айға төлемақысы 85 мың теңге, ал ең төменгі 5 млн.теңге несиеге айлық төлемақы 35 мың теңгені құрайды (10 млн.-71 мың теңге, 7 млн.-51 мың теңге).Үшінші, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалында бүгінде 44648 салымшыдан 9,9 млрд. теңге жиналды. Биылғы жылы тапсырылатын 10 көп қабатты тұрғын үйден пәтер алуға 1039 азамат ниет білідіріп отыр. Жалпы, 8 айда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалы арқылы 3,9 млрд. теңгені құрайтын 547 несие берілді. «7-20-25» бағдарламасының шарттарымен екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 211, 6 млн. теңгеге 23 өтініш түсіп, барлығы қолдау тапты(Центркредит банкі, Оның ішінде, 15 азаматқа 165 млн. теңге несие берілді, оның 7 Тараз қаласынан «Бином» ЖШС алған).

Пікір қалдыру