• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Шағын несие беру көлемі артқан

0

Шағын және орта бизнес иелеріне көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп жатқан жамбылдықтар қатары артып келеді. Мәселен, биыл әулиеаталық кәсіпкерлер тірлігін тіктеу үшін банктерден 40 миллиард теңгеден астам сомаға несие алған. Олардың дені «Президенттің бес әлеуметтік бастамасымен» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмыс істеп жатқан нысандар. Өз жолдауында Елбасы мемлекеттік қолдаудың бұл түріне жақсы баға беріп, бағдарламаны созу қажеттілігін айтты. Аймақ бизнесмендері бұл шешімді құптап отыр. Себебі, бағдарлама оларға мол мүмкіндік беріп, өңірдің хал-ахуалына да оң ықпал етуде. Мәселен, биыл облыста инфляция бағамы төмендеген.  Бұл туралы ҚР Ұлттық Банктің өңірдегі филиалында өткен баспасөз брифингінде хабарланды. Ұзақ мерзімдегі несиелердің көлемі жылдың басынан бері 184,2 теңгеге ұлғайса, қысқа мерзімдегі несие 14,8 млрд теңгеге көтерілген. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 40,8 млрд ге жеткен. Сондай-ақ банктерде 7-20-25 бағдарламасымен баспана алам деушілерге  248 млн. теңге көлеміндегі 26 өтініш қабылданған.

Пікір қалдыру