• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Облыс әкімдігінде табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жиын өтті

0

Бүгін облыс әкімдігінде облыс тұрғындарын ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жиын өтті. Онда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров баяндама жасады. Алдымен ауыз су мәселесіне тоқталған ол 2018 жылдың 1 қаңтарында өңіріміздегі 4 қала бойынша орталықтандырылған ауыз сумен қамтылғаны 84,7 пайызды құрағанын жеткізді. Басқарма басшысының айтуынша облыс қалалары бойынша көрсеткішті ағымдағы жылдың соңына дейін 86,0 пайызға жеткізу көзделген. Көрсеткішке қол жеткізу үшін Тараз қаласында «Бурыл А,Б,В» тұрғын сервистік желілердің құрылысына биыл республикалық және облыстық бюджеттен 334,6 млн.теңге бөлініп, ұзындығы 46,2 шақырым болатын құбыр жүйелері жүргізілуде екен. Сонымен қатар, осы алқаптың 12,3 шақырым су құбыры желілерін кеңейтуге арналған құны 183,5 млн.теңге болатын жобаға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда осы екі жобаның мердігер компаниялары жобадағы жұмыстарды жүргізуде.
Бұдан басқа, «Тараз су» МКК Қант зауыт поселкасы аумағында құны 205,6 миллион теңге тұратын жоба бойынша 8 көшеге 7,2 шақырым су құбырларын тарту жұмыстарымен айналысуда, қала бюджетінен бөлінген қаржыға 2017 жылы жұмыстар басталған, осы жылы аяқталуы жоспарланған. 

Пікір қалдыру