• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

ОТАНДЫҚ ТУРИЗМ ДАМЫП КЕЛЕДІ (видеосюжет)

0

Туризмді дамыту – толайым табыс, мерейлі мәртебе. Алатаудың ақбас шыңдарынан бастау алатын Шу өзенінің қос қапталы, мыңжылдықтар қойнауынан сыр шертер тарихы бар Шу өңірі көрікті мекендерден кенде емес. Яғни, туризм дегенде шудың әлеуеті қуатты.  Бай табиғаты, тарихи мол мұрасы бар. Бірақ, ағылып жатқан туристерді тағы көре алмайсыз. Әйтсе де, бұл бағытта ауданда қазір жүйелі жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды spiker.kz JAMBYL телеарнасына сілтеме жасап.

Ия сондықтан осынша байлықтың барлығын кәдеге жарату басты міндеттердің бірі.  Қазір аймақта туризмді дамытудың ауқымды жоспары бар, соның бірқатары жүзеге асып  үлгерген. Мәселен аудандағы Бірлік ауылында Балалар жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығы жұмыс істейді.

Ақмарал ЖАНДАРБАЕВА – БАЛАЛАР, ЖАСӨСПІРІМДЕР ӨЛКЕТАНУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

/ Біздің орталықта көп мектептердің оқушылары үйірмеге тартылып, Жайсаң және Баласағүн ғұрыптық кешендеріне экспедициялар ұйымдастырудамыз. Осылайша жастарды туризмді дамытуға үлес қосуға шақырудамыз… /

Орталықтың жоспары жүзеге асса тарихи мекенде туристік кешеннің өркендері анық. Бұған үлес қосып отырған тағы ерекше үйірме бар ол – Жас Турист деп аталады. Яғни, мұндағы үйірме мүшелері — мектеп оқушылары.

НҰРСҰЛТАН СӘТБАЙ – «ЖАС ТУРИСТ» ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

/ Біздің басты мақсатымыз ол – жастарды туризмге деген ойын қалыптастыру. Сол үшін біз 2 бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Біріншісі белсенді жорықтар болса, екіншісі киелі мекендерге сапар… /

Бұл өлке Қазақ хандығы ту тіккен, ту тігіп қана қоймай өсіп өркендеген, қанат жайған  құтты мекен. Иә, бүгінгі Қазақстанның 5 жарым ғасырлық жылнамасы осы жерден бастау алады. Енді тек ебін тапса болғаны тарихтың өзі мұра етіп қалдырған дархан даланың байлықтары елге игілігіне айналары сөзсіз.

Пікір қалдыру