• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

«TARAZ TOUR» мобильді қосымшасы пайда болды

0

 

Өңірде «Тараз тур» мобильді қосымшасы іске қосылды. Енді осы қосымшаның көмегімен туристердің аймақтың көрікті жерлерімен қатар тарихи-мәдени нысандары туралы толық мағлұмат алуына және кеңінен танысуына жол ашылып отыр. «Тараз-туризм» туристік ақпараттық орталығы мен «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейі бірлесіп, аталған жобаны жүзеге асыру аясында мобильді қосымшаның таныстырылымын өткізді.

 

«Тараз» мобильді қосымшасы Жамбыл облысының тарихи және мәдени орындарын насихаттауға арналған. Облыстағы 20 нысанға QR кодтар орнатылыпты. Ұялы телефонның көмегімен Play Market немесе App Store қосымшасына кіріп, TARAZ TOUR қосымшасын жүктеп алсаңыз болды. Тарихи-мәдени нысандарда орнатылған QR стендке жүктемені жақындатып, тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы 5 тілде толыққанды мәлімет ала аласыз.

 

Арман ЕСЕНҚОЖИНОВ  «TARAZ TOUR» ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРАСТЫРУШЫ

 

Қосымшаны ойлап тапқан мамандар мұнда мекен-жайды да енгізген. Яғни турист осы арқылы қайда жүргенін біліп, келесі бағытын жоспарлай алады. Аталған қосымша интернетпен де, интернетсіз де жұмыс істей береді, өйткені кез келген нысанда интернет желісіне қосылу мүмкіндігі жоқ.

 

Қарлығаш АРАЛБЕКОВА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 

Бұл бағдарлама өңірде туризм саласының дамуына кең жол ашқалы тұр. Енді өңірге саяхаттап келген туристер еш қиналмастан, көне жәдігерлердің тарихымен таныса алады.

Пікір қалдыру