• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы

0

Картинки по запросу өзбекстан жылы

2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы. Екі елдің рухани  қарым қатынасын дамыту  мақсатында Жамбыл облысында бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланған. Осыған орай, көрші елден қонақтар келіп «Шеберлер қалашығы» атты қолөнер  көрмесін өткізді.

Халықаралық маңызы бар шараға Өзбекстанның Жизақ облысынан келген шеберлер — миниатюра, кескіндеме, ағаштан жасалған ұлттық нақыштағы туындыларын көрме қонақтарына көрсетті.Көрме барысында белгілі ұста Зоиржон Бунеджон өзінің  шеберлік сабағын беріп, қолөнердің қыр-сырымен жұртшылықты таныстырды. Бұл іс-шара бауырлас халықтарды одан әрі жақындастырып, ортақ дәстүр мен ұқсас әдет-ғұрып, бірыңғай тарих ынтымағымызды жарастыра түспек.

Марат Маматқұлов – Жизақ облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы (Өзбекстан)

/Ассалау-мағалейкум құрметті Қазақстан халқы. Өздеріңіз хабарлаған Н.Ә.Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында спорт, денсаулық, мәдениет салалары бойынша көптеген жобаларға қол қойылып екі ұлттың арасындағы бейбітшілікті жалғастыру мақсатында көп іс-шаралар ұйымдастырылды. Міне бүгін Жизақ облысынан Тараз қаласына ат басын бұрыпқолөнер шеберлерінің туындыларын алып келдік. Қазақстан мен Өзбекстан достығы нығайып, мәңгі болсын!/

Пікір қалдыру