• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

ЖАҢА ӘЛІПБИ –ЖАҢАША БАСТАМА

0

Картинки по запросу латын әліпбиі ел ертеңі

 

Облыстық тіл басқармасының ұйымдастыруымен Тараз мемлекеттік университетінде «Латын жаңғыруы –жаңа әліпби» атты семинар-тренинг өтті. Осыған дейін латын әліпбиінің мәні мен мағынасын халыққа түсіндіру мақсатында тілбасқармасы мамандары аудандарды аралап келген болатын. Енді шара оқу ордасында қортындыланды.

Онда «Тіл-қазына» ұлттық-тәжрибелік орталығының Орфография бөлімі басшысы Құралай Күдерина қазақ тілі емлесінің негізгі ережесінің жобасын түсіндірді. Сонымен қатар, жаңа әліпби құрамында жоқ әріптерді жазу емлесі талқыланса. Жиналғандарға латын негізді қазақ әліпбиін тарату акциясы өткізілді. Бүгінде латын әліпбиіне өту қазіргі жастар үшін жаңа заманауи технологияны игерудің бірден-бір жолы. Семинарға ішкі істер, банк, құқық қорғау саласы өкілдері және студенттер қатысты. Іс-шара соңында «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігі психологиялық тренинг өткізді.

Пікір қалдыру