• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Жасотандықтардың конференциясы

0

Картинки по запросу конференция тараз жас отан

 

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының кезектен  тыс 10-шы есеп-беру сайлау конференциясы болып өтті. Онда жасотандықтардың атқарған жұмыстары қорытындыланып,алдағы мақсат-міндеттері айқындалды.Сондай-ақ, жаңа бөлімше басшысы сайланды.

Конференцияда Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бойынша атқарылуға тиіс басым бағыттар туралы баяндама жасалды. Одан соң,  «Жас Отан» жастар қанатының биылғы атқарған ауқымды істері мен жүзеге асырған жобалары туралы есебі тыңдалды.Бұдан бөлек жасотандықтар көптеген жұмыстар атқарып, үлкен жетістіктерге де жеткен.

Бақытжан Құтжан – «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысының міндетін атқарушы

/Сонымен қатар, Т-dex форматында  5 бағытымен 13 бастамасы, 120 іс-шараны біріктірген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен мүмкіндіктерін жастарға түсіндіру мақсатында «Сандық ұлт» жобасы іске қосылды.Осы жоба аясында қаламызда жастардың бағдарламалау негіздерін және робототехникаларын 3Д модельдеуді үйрену үшін 2 IT -сынып пен 1  IT-орталық ашылған болатын./

Бүгінгі күні жастар жалпы облыс халқының 21,9 пайызын құрап отыр. Олардың басым көпшілігі «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда айтып өткендей, келер жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Демек жастарға артылар сенім мен үміт көп. Бұл ретте, жарыс сөзге шыққандар өз ойларын анық та, ашық жеткізді.

Төлеген Сағидинов — ТИГУ студенті

/Әрбір жас азамат бүгінгі таңда білімді болуы керек.Өйткені еліне қызмет ететін, пайдалы іспен айналысатын азаматтарымыздың саны көбеюі қажет.Екінші біздің жастар патриот болу керек.Сондықтанда әрбір жастың бойында білімділік болу керек./

Дархан Бақытбек – «77TV» телеарнасының тілшісі

/Уақыттың бетін аш дейді.Жас келсе іске дейді. Құрметті жастар келер жыл енді біздің жыл.Мұны мақтана айтақ болады.Енді мемлекет басшысының осындай бізге берген сенімі.Мына біз жастар жанбасақ, жатпауымыз керек./

Жиын соңында Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысы сайланып, кеңесінің құрамы бекітілді.

Пікір қалдыру