• Валюта бағамы: USD 386.91 | EUR 428.81 | RUB 5.79 | CNY 54.79 |

ТАРАЗДА ЖАС ТЕАТР ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙДЫ

0

Картинки по запросу ҚОЙЫЛЫМ

 Жамбыл облыстық қазақ драма театрының сахнасында «Таға» атты жас театрдың «Етікші» спектакльінің алғашқы шымылдығы түрілді. Шығарма драматург Саи Қасымбектің туындысына  негізделген. Қойылымда адамның тарихы мен терең философиялық өнері жайында айтылады.Философиялық мағынасы бар кішігірім спектакль әнмен әрленіп көпшілікке ұсынылды.Қойылымдағы басты кейіпкер – орта жастағы аяқ киім шебері. Бүкіл ғұмырын етікшілікке арнаған адам. Ол үшін аяқ киім тірі жан сияқты.Олармен тілдесіп, тәрбиелейді.«Таға»   театры 2018 жылы жаз маусымында құрылған.Жас театрдың көремдік жетекшісі Жамбылдың талантты тумасы.Ал, театрдың «Таға» деп аталуының өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені буыны қатпаған жас театр аяғына нық тұрып, берік болуы үшін аталған.Философиялық мағынасы бар қойылым әрине Жамбылдық көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленіп, ерекше әсер қалдырды.Бұдан кейін «Таға» театры гастрольдік сапармен Шымкент және Алматы қалаларына баруды жоспарлап отыр.

 

Пікір қалдыру