• Валюта бағамы: USD 370.55 | EUR 421.76 | RUB 5.57 | CNY 53.68 |

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ БОЛЫП ӨТТІ

0

Картинки по запросу ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ

Өткен айда Жуалы ауданындағы №17 сайлау округі бойынша өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған облыстық мәслихаттың депутатының орнына сайлау өткізілген болатын. Тіркелген 17 мыңнан астам тұрғынның 80 пайыздан астамы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде дауыс берушілердің 75 пайызының таңдауы түскен «Альтаис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Әлімбек Жұмабеков жеңіске жетіп, мәслихат депутаттығына сайланған еді. Бұл туралы өңірлік аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Махметғали Сарыбеков облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен жиырма сегізінші сессияда арнайы хабарлама жасап, жаңа депутатқа депутаттық мандатын табыс етті, деп хабарлайды http://spiker.kz  taraztv.kz сілтеме жасап.

Сессия отырысында көптеген мәселелер қаралып, шешім қабылданды. Соның бірі – «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 11 желтоқсандағы шешіміне енгізілген өзгерістер. Облыстық  экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова нысаналы трансферттер есебіне қысқартылып, тиісінше басқа салаларға қатысты ұлғайтылған қазына қаржысының кірістері мен шығыстары туралы айтты. Бас экономист  қазына қаржысының шығындары бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаражат есебінен қандай бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қаржы бөлу қарастырылып отырғанына тоқталды. Сондай-ақ іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін ұсынып, депутаттардан бекітіп беруді сұранды. Жиында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында  қаралған бірқатар мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Оның ішінде  Тараз қаласының көшелеріне және шағын аудандарына атау беру, қайта атау мәселелері бар.  Бұдан бөлек,  «Алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын құру және оның төрағасын қайта сайлау» туралы шешімге өзгерістер енгізілді. Жалпы жиында күн тәртібіне енген 23 мәселе қаралды.

Пікір қалдыру