• Валюта бағамы: USD 370.55 | EUR 421.76 | RUB 5.57 | CNY 53.68 |

«Ұлы дала елі» II республикалық этномәдени форумы болып өтті

0

Картинки по запросу «Ұлы дала елі» II республикалық этномәдени форумы

 

Елімізде әр этнос өкілінің өз өмірлік тарихы бар. Әр халық өз ұлтының тарихын тану, салт-дәстүрін ұстану мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде этномәдени орталықтар құрылған. Осыған орай, бүгін шаһарда  бейбітшілік пен татулықты тұғыр еткен сан түрлі ұлт өкілдерінің «Ұлы дала елі» II республикалық этномәдени форумы болып өтті.Форумға мектеп мұғалімдері мен оқушылар, білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты,  деп хабарлайды , http://spiker.kz  http://taraztv.kz/ru сайтына сілтеме жасап.

Форумның мақсаты – ұлттық мәдениетті сақтау үшін жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары мен педагогтарының зерттеушілік,шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады. Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушылар өздерінің жұмыстары мен зерттеу еңбектерін түрлі бағыттар бойынша  ұсынған. Мәселен, қоныс аударушы ұлт өкілдерінің тарихы, ауыл немесе қаланың  кешегі мен бүгінгі жағдайын салыстыра отырып сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрлері бойынша жұмыстар жазған.Сонымен қатар, қатысушылар өз елді мекендерінен шыққан ақын-жазушылар, спортшылар, суретшілер секілді белгілі тұлғаларды зерттеген. Жалпы форумға  жеке зерттеушілер мен білім беру ұйымдарының  мамандары мен қызығышылық танытқан азаматтар қатысқан.Бүгінгі қорытынды жиында форумның ережесіне сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарының жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір қалдыру