• Валюта бағамы: USD 370.55 | EUR 421.76 | RUB 5.57 | CNY 53.68 |

ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

0

Картинки по запросу 72025

«7-20-25» бағдарламасының іске қосылғанына 3-4 айдың жүзі болса да, оған қызығушылық танытушылар қатары күн санап артып келеді. Жалпы, аталған бағдарлама халыққа несімен тиімді, талаптары қандай? Азаматтар ипотекалық тұрғын үй несиесін алуға қандай құжат жинап, бағдарламаға қатысу үшін не істеуі керек? Енді бұл сұрақтардың жауабын қала ішін кезіп, сенделмей-ақ, арнайы орталықтандырылған түсіндіру кеңсесінен білуге болады. Халықтық кеңсе ашыла салысымен, 42 қала тұрғынына қажетті ақпараттар беріліп үлгерді, деп хабарлайды http://spiker.kz/ http://taraztv.kz/ru сайтына сілтеме жасап

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру үшін құрылған кеңсе Тараз қаласы Қойгелді көшесі 173 үйде орналасқан. Бағдарламаға қатысушы барлық екінші деңгейлі банк өкілдері енді бір жерге шоғырландырылып отыр. Пәтер алғысы келген кез келген қала тұрғындары осы орталыққа келіп, өздеріне қажетті мәліметтер мен жеңілдіктер туралы хабарлама алуына әбден болады. Сонымен қатар олар құжаттарын да рәсімдей алады.Шаһарда тұрғын үй кезегінде тұрған 16500 адамның ішінен бағдарламаға қатысуға 300-і ниет білдірген. Қазіргі кезде «Арай» шағын ауданындағы 101 пәтер және «Бәйтерек» девелопмент» АҚ тұрғызған 34 пәтер екінші деңгейлі банктер арқылы ұсынылып жатыр. Бұдан басқа 15 шағын ауданында бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің 880 пәтердің 559 — ы осы бағдарлама арқылы ұсынылуға дайын.Арнайы орталықтандырылған түсіндіру кеңсесі бүгін ашылғанына қарамастан, 42 қала тұрғынын тиісті ақпараттармен қамтамасыз етті. Көп уақыттан бері пәтер алғысы келіп жүрген Саламат Аманбаев та бүгін осында келіп, банктердің алғышарттарымен танысты. Ол жақында 3 бөлмелі пәтер алуға ниетті.Айта кетейік, кеңсе аптаның алты күні ертеңгі сағат 9-дан кешкі сағат 18.00 ге дейін халыққа қызмет көрсетеді.

 

Пікір қалдыру