• Валюта бағамы: USD 370.55 | EUR 421.76 | RUB 5.57 | CNY 53.68 |

Студенттер арасында байқау өтті

0

Картинки по запросу КӘСІП

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы, бизнес –клубтар байқауын ұйымдастырған болатын.  Ол мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өтті, деп хабарлайды spiker.kz

Бүгін  осы  бизнес- клубтардың нәтижесі ретінде қатысқан болашақ кәсіп иелері өз жобаларын қорғау мақсатында жиын өткізді. Елбасының «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам » бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген байқауда  жоғарғы бағаланған 20 жоба талқыланды. Қатысқан жастардың жобалары әртүрлі. 4 курс студенті Серіктің ұсынып отырған жобасы ерекше. Ол жарамсыз машина доңғалақтарынан  жаяу жүргіншілер жолына және  балалар ойын алаңдарына арналған төсеніш тақтайшаларын жасауды ұсынып отыр.Елбасының келер жылды жастар жылы деп жариялағаны жастарға тың серпін бергені көрініп тұр. Байқауға қатысып отырған жастардың бәрі жобаларының қорғалып, іске асқанын қалайды. Соның бірі мектеп оқушысы Арайлым бүгінгі байқаудан үлкен үміт күтеді.Ал ұйымдастырушылардың көздегені, жастар арасында белсенді өмірлік ұстанымды дамыту.  Сонымен қатар бизнес- идеяларды тудыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту..

 

Пікір қалдыру