• Валюта бағамы: USD 370.55 | EUR 421.76 | RUB 5.57 | CNY 53.68 |

Комиссия отырысы өтті

0

Картинки по запросу комиссия отырысы

«Нұр Отан» партиясының 2016-2020 жылдарға арналған сайлауалды іске асыру бағдарламасы бойынша «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасы аясында  «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты тақырыбында комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды spiker.kz

Онда Жамбыл облысында  атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы негізінде жүргізілген жұмыстары қаралды.  Сонымен қатар, партияның бағдарламалық құжатында көрсетілген талаптарды өз деңгейінде іске асыру мен аймақ тұрғындары арасында қызмет түрлерінің сапасы қаралды.  Толығырақ тілші әңгімесінде. Қазіргі таңда көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін үш түрлі жәрдемақы, яғни азаматтардың табысына қарамастан тағайындалатын жәрдемақы, отбасылардың табысына қарай анықталатын балалар жәрдемақысы мен атаулы әлеуметтік көмек біріктіріліп- бір атаулы көмек ретінде берілетін болған. Бұл салада жыл бойы сала мамандары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келсе де, әліде кемшін тұстар жетерлік. Жиында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Сәкен Арубаев атаулы әлеуметтік көмек бойынша атқарылған  жұмыстарымен таныстырып, баяндама жасады. Оның айтуынша алдымен тұрмысы төмен отбасыларға бірегей жәрдемақы тағайындалып, жанұяның жағдайын жақсартуға арнайы жоспар әзірленген.  Көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмектің екі түрі енгізілген.

Пікір қалдыру