• Валюта бағамы: USD 370.55 | EUR 421.76 | RUB 5.57 | CNY 53.68 |

Бюджеттің кіріс көлемі артты

0

Бюджеттің кіріс бөлігі – облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының негізі. Үстіміздегі жылдың 10 айында бюджеттің кіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,4 млрд теңге ге артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды spiker.kz

Ағымдағы жылдың басынан бері Жамбыл облысының бюджетіне барлығы 206,6 млрд теңге кірістер түсті, оның ішінде меншікті кірістер сомасы 45,5 млрд теңгені құраған. Жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту бойынша өзін-өзі басқару, салық және басқа да органдар мен үйлестіру жолдарын қарастыратын арнайы бағдарлама әзірлеген. Бұдан бөлек, брифинг барысында Жамбыл облысында орналасқан ірі өндіріс орындарының салық мәселесі айтылды. Аймақтың табиғи ресурстарын пайдаланады, бірақ басқа өңірлерде тіркелгендіктен салық төлемдері де өзге облыстарға кетеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды реттеу үшін кәсіпорын басшыларымен арнайы кездесулер ұйымдастырылған.

Пікір қалдыру