• Валюта бағамы: USD 370.55 | EUR 421.76 | RUB 5.57 | CNY 53.68 |

ЖАЛАҚЫНЫ КӨТЕРУ- ХАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖАҚСАРТУ (видеосюжет)

0

 

Елбасының кезекті Жолдауында ең төменгі жалақыны 1,5 есеге көтеруді тапсырған болатын. Осыған сәйкес аймақта арнайы ақпараттық- насихаттық топ құрылып, елдімекендерді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кезекті жиын Байзақ ауданында өтті. Онда жұмыс беруші кәсіпорындармен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Енді,    медицина  білім, мәдениет,   құқық  сияқты бірнеше  бюджеттік мекемелерде ең төменгі жалақы 28284 теңгеден, 42500 теңгеге дейін жоғарылайды. Бұл ретте, коммерциялық кәсіпорындар өздері шешеді.  Себебі, олар бюджетке қарап отырған жоқ, және жалақыны өздері белгілейді. Сондықтан, Президент халық бастамаға қолдау білдіріп еңбек – келісім шартын қайта жасайды деген сенім білдірген болатын. Шалғайдағы шаруа қожалықтарда жалданып жұмыс істеп жүрген азаматтар назардан тыс қалмауы тиіс. Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мамандары басқосуда осыны айтты.   Айта кету керек, қазіргі кезде Байзақ ауданы бойынша 41 мекемеде 853 адам жұмыс істейді екен. Соның ішінде 255 жұмысшы орташа айлық жалақыдан төмен алатыны анықталған. Ал облыс бойынша бүгінгі күнге дейін 18 кәсіпорында 8860 жұмыскердің жалақысын көтеру жоспарланған. Жиын соңында жеке кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға кезек беріліп, тиісті жауаптармен түйінделді.

Пікір қалдыру