• Валюта бағамы: USD 370.55 | EUR 421.76 | RUB 5.57 | CNY 53.68 |

ЖАҢҒЫРҒАН ҚАНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚУАТЫ АРТТЫ

0
Меркі қант зауыты биылғы жылы 150 мың тонна қант қызылшасын қабылдауды жоспарлап отыр. Оған бүгінгі таңда зауыттың да мүмкіншілігі жетеді деп айтуға болады. Себебі, кәсіпорынның бір бөлігін  модернизациядан өткізу – өндірісті еселеуге жол ашып отыр.Меркі қант зауыты қазір тәулігіне 3000 тонна қант қызылшасын қабылдап жатыр. Осы уақытқа дейін мұнда Жамбыл облысының 4- ауданынан 100 мың тоннаға жуық қант қызылшасы өткізілсе, оның 50- мың тоннасы Меркі ауданының шаруаларының үлесіне тиеді. Қуатты еселеуге 1.7 млрд. Тг  модернизацияның де септігі тиюде.

Нұржан ҚАРҒАБАЕВ МЕРКІ ҚАНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Зауыттың қант қызылшасын қайта өңдейтін бөлімі жаңартылғаннан кейін мұнда шығарылатын өнім көлемі де артты дейді сала мамандары. Қант зауытына өнім теміржол вагондары мен жүк көліктері арқылы тасымалданып жатыр. Қазіргі таңда қызылшаның қанттылығы мен өзге де құрамын тексеретін зертхана тәулік бойы жұмыс істейді.

Гүлнар ДАЛИБАЕВА ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ

Меркі қант зауыты бүгінде толыққанды жұмыс істеп тұр. Мұнда Жамбыл жерінің бірқатар аудандарынан әлі де қант қызылшасы дақылын тасу жұмыстары жалғасуда. Зауыт шаруалардан тәтті түбірдің келісін 8- теңгеден қабылдаса, оған көмек ретінде биыл облыстық әкімдік тарапынан 12- теңге қосымша төленіп отыр.

Пікір қалдыру