• Валюта бағамы: USD 370.11 | EUR 419.37 | RUB 5.58 | CNY 53.73 |

Таразда 15-мөлтек ауданы бой көтеріп келеді (Фоторепортаж)

0

 

Тараздағы 15- мөлтек ауданда  бүгінгі таңда 80 пәтерлі -10 көпқабатты үй бой көтеріп келеді. «Нұрлы жер» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстардың басты мақсаты —  халыққа тиімді құрылыс жүргізу, деп хабарлайды http://spiker.kz

Бүгінде Жамбыл облысында Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» бірінші бағыты – «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» саласы бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жерге  жаңа екі мөлтек аудан бой көтеріп келеді.  Онда «7-20-25»  бағдарламасы бойынша 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй салынуда. Ағымдағы жылы мұнда 800 пәтерлі 10 көпқабатты, ал келер 2019 жылы 1380 пәтерлі 25 үй ел игілігіне берілетін болады. Бүгінгі күнге дейін 54 пәтер қолданысқа берлісе, енді 686 пәтер халыққа берілуге дайын тұр. Сонымен қатар, баспаналы болам деушілер үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдік пен Ұлттық банк және өзгеде бағдарламаға қатысуша банктер арасында бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген. Ал, «Қазақстан Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» филиалында бүгінде 44648 салымшыдан 10 млрд. теңге қаржы жиналған. Ипотекалық несиенің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға деген азаматтардың саны үш есеге дейін артып отыр.

 

 

 

Пікір қалдыру