• Валюта бағамы: USD 370.11 | EUR 419.37 | RUB 5.58 | CNY 53.73 |

«СТУДЕНТТІК БАЛЛ – 2018»

0

Студенттік кезеңнің қызықты әрі есте қалар сәттерінің бірі  «Студенттік Балл» салтанатты кеші. Аталмыш  шара биыл да қалыс қалмай,  аймақта 6- жыл қатарынан өткізіліп отыр. 350- ден аса білімгерлердің басын қосқан мерекелік кеш бұл жолы жылдағыдан ерекше аталып өтті. Толығырақ тілшіміз Аян Ермекұлының бейнематериалында.

« Студенттік балл – 2018»  салтанатты кеші. Оқу ордаларынан іріктелініп алынған 24 жұп жас буын өкілдері баллдық билеу мәртебесіне ие болып, қазақ вальсімен іс-шара жалғасын тапты .  Облыс жастарының басын қосып,  жыл бойындағы еңбектерін елеп-ескеру де жыл сайынғы дәстүрге айналып отыр.

Арайлым Әбдуәлиева. ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Бүгінде аймақта білікті мамандар мен сала қызметкерлерін дайындайтын жоғары және арнаулы оқу орындары жетерлік. Жетістіктің желкенін жайып жүрген білімгерлері де аз емес. Студенттік баллға  қатысушылардың басым бөлігі аймақтың мерейін тасытып, мерекелік іс-шараларына ат салысып жүргендер.

Аяулым Ерниязова      СТУДЕНТ

Жансая Қожамқұл     СТУДЕНТ

Айталық,  2019 жыл жастар жылы ретінде бекітілді. Демек, жастарға артылар  жауапкершілік артып, мүмкіндік көбеймек. Осылай өткенді қорытындылап, болашақты бағамдаған мерекелік кеш соңында жыл үздіктері марапатталып, арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Пікір қалдыру