• Валюта бағамы: USD 378.93 | EUR 423 | RUB 5.87 | CNY 54.82 |

Жаңа бастамаларға жетелейтін жаңа орталық

0

Сарысу аудандық орталық кітапханасынан «Коворкинг» орталығы ашылды. Игі шара «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Енді бұл орталық жаңа бастамалар ордасына  айналады деп күтілуде.

Тұрғындардың бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған орталық, заманауи үлгіде жабдықталған. Ашылу салтанатында аудан әкімі өз сөзінде, — бұл рухани азықтан алыстап бара жатқан өскелең ұрпақты кітап оқуға баулудың таптырмас жолы деді.

Балабек Нарбаев Сарысу ауданы әкімі

/Орталық кітапхана жәй ашылған жоқ. Бұл аудан тұрғындарына тиімді болып отыр. Осы жерде демалып, керек информацияларын алады.Бәрі бар. Бұрынғы заман өтті. Қай уақытта болса да орталық есігі ашық/

Айта кету керек, жаңа жоба жыл басынан бері отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құруды қолға алған. Яғни, бірыңғай онлаин кітапхана жүйесін қалыптастырып, еліміздегі барлық кітап қорын электронды форматқа көшіруді көздейді.

Самат Тоқпанов  Жастар ресурстық орталығының жетекшісі

 /Бұл берілген мүмкіндікті мол жағынан жастарға насихаттауға шықырамын.Өзіміз осы жастар жылында осындай игі істерді қолдауға әсіресе жастарды шақырамын/

Енді мұнда ата- аналарымен келген балалар үшін қызықты логикалық ойындар, шеберлік сыныптары ұйымдастырылса, зейнеткерлер бос уақыттарын осы жерге келіп шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойынап тиімді өткізеді.

Пікір қалдыру