• Валюта бағамы: USD 378.17 | EUR 429.11 | RUB 5.88 | CNY 56.48 |

Ауданның өзекті мәселелері талқыланды

0

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевтің төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Жиынға бірқатар облыстық басқарма басшылары, аудан әкімдігі бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кеңесте облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеев кеңес отырысына дейін аудандағы бірқатар ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы нысандарының жай-күйімен танысқанын жеткізді. Ауданға қатысты ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер, су және тағы басқа өзекті мәселелер кеңінен қаралды.

Осы бағытта  облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Б.Нығымашев, ветеринария басқармасының басшысы О.Бердияров, табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н.Нұржігітов, «Қазсушар»  Жамбыл  филиалы директорының орынбасары Қ.Бедебаев, жер қатынастары басқармасының басшысының міндетін атқарушы Б.Молдабай, жердің  пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін  атқарушы Ж.Әсенбаевтар өз салалары бойынша ауданға қатысты мәселелерді айтып, атқарған жұмыстары тыңдалды.

Баяндамада көтерілген өзекті мәселелер талқыланып, кейбір кемшін тұстары айтылды. Тез арада берілген тапсырмалар бақылауға алынып, жүзеге асырылуы туралы тиісті басшыларға тапсырмалар берілді.

Облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеев күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау барысында нақты тапсырмалар беріп, бос жатқан жерді анықтауды, кеңесте көтерілген барлық мәселелерді бақылауға алып, тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды. Облыс орталығынан келген басқарма басшылары өз салалары бойынша айтылған мәселелердің аудандарда орындалуына талдау жүргізіп, нәтижесін апта сайын баяндап отыратын болды.

Пікір қалдыру