• Валюта бағамы: USD 378.66 | EUR 431.56 | RUB 5.7 | CNY 55.89 |

Сарысуда Мәуліт кеші өтті

0

24 желтоқсан күні сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде Сарысу аудандық мешіттің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани мәуліт кеші өткізілді. Аталған іс-шараға Жаңатас қаласындағы колледж білімгерлері мен орта мектеп оқушылары, әр түрлі сала қызметкерлері, ауылдық мешіт имамдар және ақсақалдар қатысты. Іс-шара барысында аудандық мешіттің найб имамы А.Шадиев Құран аяттарын оқып, Пайғамбарымызға (с.а.у.) сүйінпеншілік туралы видеоролик көрсетіліп, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Рысдаулет аудан тұрғындарын құттықтады. Сондай-ақ, мектеп оқушылар тарапынан (хормен) Пайғамбарға салауат оқып, аудандық мәдениет үйі,колледж,Сарысу жастары көріністерин көрсетті. Іс-шара соңында ауданның бас имамы Ғ.Қонақбаев мәуліт мерекесімен құттықтап, белсенді оқушыларды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Пікір қалдыру