• Валюта бағамы: USD 378.93 | EUR 423 | RUB 5.87 | CNY 54.82 |

Жылжымалы азық-түлік жәрмеңкесі өтті

0

Халықты арзандатылған азық-түлікпен қамту мақсатында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ауыл шаруашылық бөлімдерінің ұйымдастыруымен Түркістан, Жаңа-арық, Жайылма, Байқадам, Игілік, Жаңаталап, Тоғызкент, Досбол ауылдық округтерінде жылжымалы жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңкеде Жаңатас қаласы және Саудакент ауылының кәсіпкерлері ауыл шаруашылық өнімдері-сәбіз, пияз, қызылша, картоп және түрлі қажетті азық-түліктерді арзандатылған бағада сатылымға шығарды.

Жалпы көлемі 10,0 тонна өнім 3,6 млн.теңгеге сатылды.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру