• Валюта бағамы: USD 378.17 | EUR 429.11 | RUB 5.88 | CNY 56.48 |

Баспаналар жаңартылуда

0

Жаңатас қаласы жыл өткен сайын көз алдымызда гүлденіп келеді.

Біркездері қаңырап тұрған бос тұрғын үйлер бүгінде қайта қалпына келтіріліп, ел игілігін көруде.

Кезекте тұрған азаматтарды үймен қамтамасыз етуге мемлекет қазынасынан жылда қаржы қарастырылып, бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Әр жыл сайын бос тұрған үйлер қалпына келтіріліп, кезекте тұрған әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілуде.

Нәтижесінде, ішкі көші-қон да тұрақталып, баспанаға деген сұраныс күн санап арта түсуде.

Бүгінде жаңарған шаһарымызда  2000-нан астам адам пәтер кезегінде тұр. Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жылы республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 1-шағынаудандағы №5 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағдарлама аясында Жаңатас қаласындағы бос тұрған үйлерді қалпына келтіру бағытында жұмыстар атқарылуда.

Жуырда осы тұрғындардың бірқатарына баспаналы болу бақыты бұйырмақ. Нақтырақ айтқанда, қаланың 1-шағынаудандағы №5 тұрғын үйі қайта жаңғыртудан өткізіліп, жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Атқарылып жатқан жұмыстар барысын күнделікті қадағалап, аралайтын аудан басшысы Балабек Жанбекұлы күні кеше 1-шағынаудандағы №5 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын тағы да бір көріп қайтты. Бас мердігермен жолығып, көпқабатты үй пәтерлеріне жеке-жеке кіріп, сапасын байқады. Кіреберіс есігінен бастап, терезе, шатыр, еден, ішкі жылу жүйелеріне дейін көріп, қауіпсіздік мәселесімен, сапалы жөндеу жұмыстары жүргізілуін тапсырды.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру