• Валюта бағамы: USD 389.94 | EUR 433.5 | RUB 6.1 | CNY 55.13 |

Робототехника — нанотехнологияның алғашқы сатысы

0

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.

Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.

Осындай сарабдал саясаттың жарқын жүзеге асуына Сарысу ауданы əкімі Балабек Нарбаев үлкен мəн беріп, үнемі қолдау жасап келеді.

Жастармен жасөспірімдермен жолығып олардың жаңашыл азамат болып өсуіне мүмкіндіктер жасауда.

Осындай жаңашылдық аудан орталығынан шалғайда жатқан

Түгіскен орта мектебі жүзеге асты. Онда жаңа оқу жылында «Робототеxника» кабинеті ашылды. Қазіргі уақытта үйірмеге 160 оқушы қатысады. Үйірмеге информатика пәнінің мұғалімдері Шайзада Жұмабекова мен Жексаев Аян жетекшілік етеді. Оқушылар үйірмеде түрлі роботтар құрастырып үйренуде.

Пікір қалдыру