• Валюта бағамы: USD 376.73 | EUR 427.36 | RUB 5.75 | CNY 56.07 |

ТарМПУ-да «Шәкірт–Түлек-Тұлға» атты түлектер форумы өтті

0

«КЕШЕГІ ТҮЛЕК – БҮГІНГІ ТҰЛҒА» ТҮЛЕКТЕР ФОРУМЫ

Бүгін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде  «Шәкірт. Түлек. Тұлға»  атты түлектер форумы өтті. Онда «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмәмдаған әр жылғы түлектердің атсалысуымен ашылған жаңа аудиторияның лентасы қиылды. Биыл бірінші рет қолға алынған шараны оқу орнының басшылығы дәстүрлі түрде өткізуге ниетті екендіктерін жеткізді.

Олар оқу орнын әр жылдары тәмәмдаған, барлығы бір мамандықтың иесі. Әйткенмен, әрқайсысы әр салада қызмет етіп жүр. Еліміздің дамуына сүбелі үлестерін қосып жүрген кешегі түлектер – бүгін белгілі тұлғаларға айналды. «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасының бастамасымен жүзеге асқан шараға олар бір кісідей атсалысты. Жеке қаржылары есебінен «Түлектер кабинетінің» заманауи жабдықталуына себепші болды.

Аудиторияға сол 28 түлектің фотосуреттері мен өмірдеректері жазылған тақта ілініпті. Олардың 5-еуі қазіргі кезде университетте студенттерге дәріс оқиды. Ал, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов, 1989 жылы осы оқу орнына түсіп, 1994 жылы аяқтаған. Араға он жыл салып, өзі білім алған институтқа оралып, үш жылдай қызмет те атқарыпты.

 

Мұнан соң «Түлектер» форумында  қонақтарды студенттер қошеметпен күтіп алды. Университет ректоры Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жерге туыңды тік» немесе «Мектепке тағзым» бағыттарын іске асыруды көздеген айтулы шараны дәстүрге айналдыруды мақсат етіп отырғанын жеткізді. Түлектер түрлі тақырыпта дайындалған баяндамаларын оқыды. Болашақ өмірлеріне жарқын жол сілтеген ұстаздарына алғыстарын білдірді.

Университет ұжымының атынан түлектерге ең үлкен сыйлық – кітап тарту етілді. Форум жұмысы концерттік бағдарламамен түйінделді.

 

Пікір қалдыру