• Валюта бағамы: USD 376.73 | EUR 427.36 | RUB 5.75 | CNY 56.07 |

КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

0

 

Жамбыл облысындағы кәсіптік білім беретін 48 колледжде бүгінде 93 мамандық бойынша 27 мыңға жуық студент білім алуда. Оқу орнын аяқтаған соң бұл жас мамандар қандай қызмет атқармақ? Қалай және қайда жұмысқа орналаса алады? Осы  және басқа да мәселелер туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала басшысы мәлімдеді.

Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу-тәрбие үрдісі биыл Жамбыл облысындағы қарапайым мектептердің 50 пайызына енгізіледі. Орта білім беруді цифрландыруда оң нәтижеге қол жеткізген аймақ, бұл көрсеткішті биыл арттыра түспек. Мәселен, Робототехникамен қамтамасыз ету 2017 жылы небәрі 7 мектепте ғана болса, өткен жылы 152-ге артқан. Дарынды балаларға арналған 11 мектеп лицей болып қайта жасақталды.  Бұдан бөлек, өңірде апатты мектептер мәселесі толығымен шешіліп отыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 66 балабақша ашылды. Мектепке дейінгі мекемемен қамту үлесі жүз пайызға жуықтаған. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінен республикада үшінші орында келеді. Сондай-ақ, өңірдегі кәсіптік-техникалық білім беру саласына бірқатар өзгерістер енгізілді. Еңбек нарығының қажеттілігі бар аудандар мен Тараз қаласы әкімдері және тиісті басқармалар мамандарға қажеттілік  сараланған. Нәтижесінде 1 жылға 8028 орын бары анықталыпты.  Осыған орай  білім мекемелеріне 5000-нан аса мемлекеттік білім тапсырыс бөлінген. Дегенмен, оқу бітірген  түлектердің жұмысқа орналасуы 60-70 пайыз шамасында болып отыр.

Пікір қалдыру