• Валюта бағамы: USD 376.73 | EUR 427.36 | RUB 5.75 | CNY 56.07 |

ТАРМПУДА «ІЗГІЛІК» орталығы ашылды

0

Қазір қоғамда көп келеңсіз оқиғалар орын алуда. Соның салдарынан біздің жастарымыз өмірдің басқа ағымына еліктеп бой алдырып, жаманшылыққа бет бұруда.

Жастар бұл  қоғамның бір бөлшегі. Сол «бөлшектердің» соңғы кезде тым әлсіз болып, жылдан-жылға жиі ыдырауы қоғамның құлдырауына алып келді.

Осындай құлдыраулардың алдын алып, бала тәрбиесінің ата-анамен байланысы, отбасы құңдылықтарымен, құқықтарын түсіндіру мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «ІЗГІЛІК» орталығы ашылды, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ http://zhampoz.kz

Аталмыш шараға Университет ректоры Ержан Әмірбекұлы, Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы және Тараз қаласындағы орта білім мекемелерінің ата-ана комитеттерінің төрағалары қатысты.

Орталықтың негізгі басты бағыттарын университет ректоры Ержан Әмірбекұлы түсіндіріп өтті.

Бұл орталықты ашудағы басты мақсатымыз әр қазақтың сапалы өмір сүріп, тәрбиелі азамат болып өсуіне, үлгілі отбасы болып қалыптасуына өз үлесімізді қосу. Тамшыдан тама-тама дария болар, бізде сол дарияға тамшы болып, қазіргі қоғамның дерті болып отырған жағдайлардың алдын алуға, өз үлесімізді қоспақпыз, — деп баяндады университет ректоры өз сөзінде.

Сонымен қатар, шараға қатысқан қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Қасымқызы өз тарапынан қолдау білдіретінің жеткізіп, осындай бастамалардың қажет екендігін баса айта кетті.

Сондай-ақ, ата-аналар комитеті де өз тараптарынан ризашылықтарын білдіріп, бала тәрбиесінің маңыздылығын ескеріп, болашақта жақсы жемісті жұмыстарды бірге атқаруға атсалысатындарын жеткізіп, ізгі ықыластарын айтты.

Орталықтың басқосулары әр аптаның сейсенбісі күні сағат 17.00 де бекітілген жоспарға сәйкес, өткізіліп отыратын болады.

Пікір қалдыру