• Валюта бағамы: USD 376.73 | EUR 427.36 | RUB 5.75 | CNY 56.07 |

ӨНДІРІС – ШАРУАЛАРДЫҢ ӨРІСІН КЕҢЕЙТУДЕ

0

Агроөнеркәсіп саласын кешенді дамыту мемлекеттік маңызы бар іс. Ауыл  шаруашылығын алға бастыру үшін өнімді қайта өңдеу бағытына мемлекет қыруары қаржы, үлкен көңіл бөліп келеді.Отандық өнімді өндіру ісін өрге  бастырып отырған өңірдегі ірі кәсіпорындардың бір Меркі  сыр зауыты. табиғи таза өнімдері жоғары сұранысқа ие кәсіпорын ауыл аймақтағы шаруалардың сүтін сатып алып, оларға да үлкен қолдау көрсетіп отыр.70 жылға жуық тарихы бар Меркі ірімшік зауыты бүгінгі таңда жылына 6 мың тоннаға жуық сүт қабылдап, өңдейді.  Сүт өнімдерін жылдан-жылға арттырып отырған олар оның 20-ға жуық түрін шығарады. Еліміз бойынша сапалы саналатын ірімшіктері ірі қалалар-Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкенке  жіберілсе, Жамбыл облысының жұртшылығын да қамтамасыз етіп отыр. Майлылығына баса мән берілетін шикізат жергілікті шаруалардан алынады.

ЛЮДМИЛА ГОЛЕНЦОВА. / цех басшысы/

/Сүтті біз асыл тұқымды мүйізді ірі қарамен айналысатын «Бахор» шаруа қожалығынан аламыз. Олар күніне 2 тонна сүт өткізеді. Сонымен жергілікті тұрғындардан да қабылдаймыз. Тіпті Жуалы ауданынан да жеткізетіндер бар/

Меркі аулында сыр зауыты  жұмыс істейтіндіктен сүт бағытындағы сиыр ұстаушылардың да қатары арта түскен. Жұмыстың жандануына әрине үкіметтік «Ырыс» бағдарламасы да сеп болуда.  Мәселен,   Бахор шаруа қожалығы қаржылай қолдау қорынан  2016 жылы 35 милион теңге алып, асыл тұқымды мүйізді ірі қара басын 200-ге жеткізіпті. Шаруашылық жақында америкалық технолгия бойынша қолдан ұрықтандыруды қолға алып отыр.

Отандық өнімге кең өріс. Жыл сайын жұмыстарын еселеп отырған зауытта  тек жергілікті тұрғындар еңбек етсе, олардың айлықтары  жаңа жылда тағы да көтеріліп отыр.

Пікір қалдыру