• Валюта бағамы: USD 376.73 | EUR 427.36 | RUB 5.75 | CNY 56.07 |

ФУТЗАЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

0

Таразда әуесқойлар арасындағышағын футболдан  облыстың ашық  чемпионаты өз мәресіне жетті.  Биылғы біріншілікке 50-ге жуық команда қатысып,  өзара кім мықтыны анықтады.

Жарыс жылдағы дәстүр бойынша үш жас санаты бойынша ұйымдастырылды.  Жастар арасында 20 команда қатысса, 30 бен 40 арасында 18 және «Ардагерлер» лигасында 12 команда доп тепті. Бірнеше айлар бойы командалар іріктеу кездесулерін өткізіп, ең мықты ұжымдарды анықтаған.

Турнирдің плей-офф кезеңінде осы команадалар өзара тартысты кездесулер өткізді.   Нәтижесінде А тобындаТараздық «Әулиеата» командасы жеңіске жетсе, екінші орынды «Дантист» және «Жеңіс» командалары иеленді, Ал, «Б» тобында  «Қазфосфат» командасы жеңіске жетті. Үздіктер қатарынан көрінген командаларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков марапаттады.

Инаят Қырықбаев / Жамбыл облыстық әуесқойлар футбол лигасының төрағасы / Біз тура биылғыдай турнирді осымен алтыншы рет Тараз Арена спорт сарайында өткізіп келеміз. Бұл жер барлық талаптарға сай сай. Ал, турнирдің дүстүрлі түрде өтіп келе жатқанына 8 жыл болды. Жарысқа барлық командалар үлкен дайындықпен келгені бірден байқалды.  

 Сондай-ақ,  тартысты кездесулердің бірінде «Қазфосфат -2» командасын ҚР ұлттық қауіпсіздік қызметі Жамбыл облыстық департаментінің командасы 5-1 есебімен ұтты. Енді барлық командалар мамыр айында басталатын турнирлерге дайындықтарын бастайды.

Пікір қалдыру