• Валюта бағамы: USD 376.73 | EUR 427.36 | RUB 5.75 | CNY 56.07 |

Құланда тағы бір бөбекжай бақшасы ашылды

0

 

Бөбекжайдың атауын «ULAR» деп қойыпты. Қазақта ұлар деген құстың барын білуші едік. Тау шыңдарын мекендейтін құстың тағы бір қасиеті топтасып жүретіндігі болса керек. Бәлкім, «Бөбекжайге келген балалар келешекте биіктерден көрініп, бір-біріне бауырмал болып өссін» деген ниеттен туған шығар. Ылайым, солай болғай!

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған бөбекжайдың құрылысын  «Сапа Құлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.  Жетпіс бес орындық бөбекжайда он педагог бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып, тәрбие беретін болады. Бөбекжайдың ашылу салтанатына ауыл тұрғындарынан бөлек, аудандық Қоғамдық кеңесі төрағасы Шорабек Атабаев пен аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Жаманбаев және ауданның «Құрметті азаматы» Ғалия Өтеулиева мен аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижановтар арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. «Әлемдегі 40 елдің білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім беру деңгейі міндетті болып табылады. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр. Бүгінгі ашылған «ULAR» бөбекжай-бақшасы да мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде аудан көрсеткішіне ықпал жасап, халық игілігіне қызмет жасамақ» дейді аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы. Ал, «Сапа Құлан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Мөлдір Шойбек «Елбасымыз жылдар бойы өзінің әрбір Жолдауында балабақшалардың дамуын басты назарда ұстап келеді. Осы Елбасы саясатын аудан көлемінде іске асыруға өзіміздің тамшыдай болса да үлесімізді қосайық деп балабақша құрылысын салуды жоспарлаған едім. Енді соның ашылу салтанатына куә болып тұрсыздар» дей келе бөбекжай бақшасының меңгерушісі Алтын Әділоваға бөбекжайдың символикалық кілтін тапсырады.

Бұл – жыл басынан бері ашылып отырған екінші бөбекжай бақшасы. Алдағы уақытта тағы бір бөбекжай бақшасы ашылады деп күтілуде. Демек, жуық арада тағы да жағымды жалықтармен жүздесетін боламыз.

Пікір қалдыру