• Валюта бағамы: USD 384.52 | EUR 431.32 | RUB 6.1 | CNY 55.89 |

НАН БАҒАСЫ РЕТТЕЛДІ

0

Облыс орталығында нан бағасы 5 теңгеге көтеріліп, 70 теңгеге жетті. Ас атасының  көтерілу себептерін бүгін арнайы брифингте Ауылшарушылығы басқармасының басшысы  Берік Нығмашев бастаған топ журналистер алдында баяндап берді.  Нан бағасы туралы жан жақты ақпаратты Райхан Шәлібекқызы баяндайды.

Айта кету керек, Жамбыл облысында нан бағасы 2016 жылдың 19 тамызынан бері тұрақты болған. Былтырғы жылдың 5 қазанынан бастап Тараз қаласының наубайханалары ұн бағасының көтерілуіне байланысты нан бағасын 10 теңгеге көтеру жөнінде әкімдікке бірнеше рет хат жолдаған еді. Осыған орай облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей тапсырмасымен 2018 жылдың 19 қарашасында жұмысшы топ құрылып,  ұн мен бидай нарығына талдау жүргізілді.     Нан бағасын көтермеу мақсатында соңғы 4 айда тұрақтандыру қоры наубайханаларға құны 68 млн. теңгеге 854 тонна ұн босатты. Оның ішінде 456 тоннасы тұрақтандыру қорының сақтауынан, 398 тоннасы Қостанай облысынан сатып алынды.

Осылайша, арнайы жұмыс тобы  нан бағасын 5 теңгеге көтеру жөнінде шешім қабылдады.Бұл жерде Тұрғындардың кірісі, наубайханалардың қаржылық жағдайы, көршілес өңірлердегі нан бағасының деңгейі және тұрақтандыру қордан 100 млн. теңгеден астам күтілетін шығындар ескерілген. Бұл қадам наубайханалардағы өндірістік әлеуетті, сондай-ақ нанның сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Әулиеатада  сегіз наубайхана күн сайын  халықты  92 мың бөлке нанмен қамтамасыз етіп отыр. Нанның бағасы 70 теңге болғанмен әлеуметтік дүкендерде сатылатын  нан бағасы 55 теңгеден. Бұл баға еш өзгермейді дейді жауапты мамандар.

Айта кетейік Таразда нан бағасы биліктің келісімімен 2 жыл бұрын 55 теңгеден 65 теңгеге көтерілген еді. Алдағы уақытта өңірде бөлке нанның бағасы 70 теңгеден аспайды және орта есеппен республика бойынша ең төменгі болып қала береді.

Пікір қалдыру