• Валюта бағамы: USD 376.73 | EUR 427.36 | RUB 5.75 | CNY 56.07 |

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ РИЗА БОЛДЫ

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 5 АҚПАНДАҒЫ «ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ ОРГАНДАР БАСШЫЛАРЫНЫҢ, ӘКІМДЕРДІҢ, ҰЛТТЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ РЕКТОРЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ» №190 ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС, ТҮГІСКЕН АУЫЛДЫҚ КЛУБ ҮЙІНДЕ АУДАН ӘКІМІ БАЛАБЕК ЖАНБЕКҰЛЫ НАРБАЕВ ПЕН ТОҒЫЗКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ АЛМАТ ОРЫНБЕКОВ 2018 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДА ӨЗ ЕСЕПТЕРІН БЕРДІ. ЖИЫНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ САҒЫНБЕК АРЫСТАНҰЛЫ БЕГЕЕВ ЖҮРГІЗІП, КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫРЫП ОТЫРДЫ. ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫНА АУДАНДЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ, АУДАН ӘКІМДІГІ БӨЛІМДЕРІНІҢ, МЕКЕМЕ, КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕГІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ТӨРАҒАЛАРЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН АРДАГЕРЛЕР ҚАТЫСТЫ. АРНАЙЫ РЕГЛАМЕНТ БЕЛГІЛЕНІП, ХАЛЫҚ БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ.
Бірінші мәселе бойынша ауыл әкімі Алмат Орынбеков Тоғызкент ауылдық округіндегі 2018 жылы атқарылған және алдағы уақытта атқарылуға тиіс жұмыстардың барысына тоқталып өтті.
Сонымен қатар аудан әкімі Б.Жанбекұлы өз есебінде -Мемлекетіміздің экономикада, саяси жүйеде, әлеуметтік секторда елеулі реформаларды жалғастырды. Еліміздің дамуы қарқыны одан әрі жемісті жалғасын табуы Елбасының дер кезінде қабылдаған шешімдері мен ел алдында қоя білген айқын бағыт-бағдарларының нәтижесінде. Осындай жүйелі бағыт-бағдардың негізі ретінде Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы туралы үндеуі тәуелсіздігімізді баянды ету жолындағы маңызды қадам деп санаймыз. Үндеуде көтерілген әлеуметтік жобалар әрбір қазақстандықтардың әл-ауқатын әріқарай жақсарта түсіп, көпшіліктің көкейінен шықты. Елбасы баспана, салық және білім жағынан жан-жақты қолдау көрсету керектігін ұсынды.
2018 жылы 5 қазандағы мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының мән-маңызы ерекше. Тарихи құжат елдің бүгінгі болашағын айқындап бергендей. Мемлекет басшысы әрқашан жас буын жастарға қажетті бағдарламаларды ұсынып отырады. 2019 жылды «Жастар жылы» деп бекітті. Осыған орай қазіргі уақытта қай сала болмасын жастарға арналған кешенді бағдарламалар оң нәтижесін беруде. Өткен жылдың соңында жарыққа шыққан Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы баршамызға белгілі. Бұл мақала қоғамда қызу талқыланып, көптің көңілінен шықты. Бұл бағдарлама «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы деп есептейміз. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында уақыт талабына сай еліміздің саяси, мәдени, рухани өміріне дамудың нақты бағыттарын айқындап берген құндылықпен ерекшеленді. Мақала еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты ойлар мен нақты ұсыныстар Қазақстан азаматтарына қайрат, жігер беріп болашаққа жаңа ізденістер мен бастауларға жол ашатыны анық,-деп әрмен қарай 2018 жылы ауданда атқарылған жұмыстардың қорытындысына тоқталып өтті.
Жыл ішінде ауданда Елбасы, өкімет және облыс әкімінің тапсырмаларын орындау барысында тиісті жұмыстар атқарылды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері 2018 жылдың қорытындысымен толық орындалды. Бұл міндеттерді жүзеге асыру аудан әкімі облыс әкімімен облыстық сала басқармаларымен, ауылдық округ әкімдерінің аймақты дамыту мақсатында түйінді индикаторларға қол жеткізу мақсатында арнайы келісімге отырып, жыл ішінде тиісті жұмыстарды жүргізді.
Сонымен қатар аудан басшысы геопартал бойынша мемлекет тарапынан жердің көлемін және әр шаруашылыққа берілген жердің көлемдері қандай мақсатта атқарылып жатқандығы туралы былтырғы жылдың күз айынан бүгінге дейін зерделеп пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайта қайтарып, одан соң ол жерлерді аукцион арқылы жұмыс жасаймын деген азаматтарға берілетіндігін айтып, заңдастыру керектігін түсіндірді.
Жаңатас қаласындағы 85 тұрғын үйдің бүгінде газ балонымен яғни сұйытылған газбен отырғандығын айтып, сұйытылған газдың адам өміріне қауіпті екендігін, ол балондардың 30-40 жыл бойы ауыстырылмағандығын, оны ешкім тексеруден өткізбейтіндігін, бүгінде облыс әкіміне ұсыныс айтып, алдағы уақытта табиғи газ келтіру мәселесін қолға алу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқандығымен хабардар етті.
Сондай-ақ аудан әкімі азаматтардың мәртебесін арттыру бойынша, өңірлерді дамыту-2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру бойынша, аудандағы 15-17 жас аралығындағы жастардың өз-өзіне қолжұмсауының алдын-алу сынды мәселелерге де тоқталып өтті.
Жалпы ауылдарға тән шешімін күткен мәселелері бар болса, атқарылып жатқан пайдалы жұмыстары одан да көп. Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің есебін тыңдаған ауыл тұрғындары өздерінің көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жарыссөз барысында ауыл тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы Ш.Тайменов аудан және ауыл әкімдерінің жұмысын бағалай отырып,аудандағы барлық көрсеткіштерге көңілі толғандығын, былтырғы жылғы есепте айтылған мәселелер де оң шешімін тапқандығын айта келіп, жақында келетін газдың әрбір үйге қосу бағасы тұрғындарға қолжетімді, тиімді болса деген ұсынысын білдірді.
Айтылған ұсыныс бойынша аудан әкімі Б.Нарбаев бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында екендігін, әрбір үйге газ тарту жұмыстарының халыққа тиімді болуы үшін жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша іс-шара жоспары жасалынып, бақылауға алынатынын, есеп беру жиынға бір кісідей қатысып, ауылдағы көкейкесті проблемалардың шешілуіне атсалысып, ұсыныс-пікірлерін бөліскендеріне рахмет айтып, жиынды қорытындылады.

Пікір қалдыру