• Валюта бағамы: USD 378.01 | EUR 420.88 | RUB 5.84 | CNY 54.64 |

ДОСБОЛ ОКРУГІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

0

Досбол ауылдық округ әкімі Нұрлан Молдабеков те жыл ішінде атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Мұнан соң, сөз алған аудан әкімі Балабек Нарбаев аудан аумағында өткен, жыл ішінде атқарылған өнеркәсіп және елді мекендерді абаттандыру, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салалар бойынша жүзеге асырылған және алдағы уақытта іске асатын жұмыстарға кең көлемде тоқталып өтті.

— 2017 жылы ауылдың кіре-берісіне ауыз суға ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Осы қашан іске қосылып, халыққа пайдалануға беріледі? Екінші сұрағым, электр бағаналары мен желілері тозған. Жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

Аудан әкімі Б. Нарбаев: -Ауыз су мәселесі бойынша биылғы жылы аудандағы 2 ауылды сметалық құжат әзірлеп, енгізіп отырмыз. Алдағы уақытта бұл ауылдың ауыз су мәселесі де өз шешімін табады.

Екінші мәселе бойынша аудандық электр жүйесінің басшысы Н.Бейсебаев электр бағаналарын алдағы уақытта кезең-кезеңімен ауыстырып, жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін айтты.

Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы П.Алтынбеков : — Интернет барлық үйге орнатылған. Алайда, интернетті күшейту мәселесі қолға алынса?

Елбасымыз биылғы жылды жастар жылы деп белгіледі. Ауылдағы жастарымыз кәсіп ашу бойынша жастарымызға несие алып, іс жүргізуге көмек берсеңіз?

Аудандық телекоммуникация торабының директоры

Н. Данияров:- Интернет мәселесі ауданда көтерілуде. Биылғы жылы кабелді интернетті Тоғызкент ауылына дейін тарту жұмыстары басталды. Интернет мәселесі алдағы уақытта шешімін табады-деп жауап берді.

Аудандық электр жүйесінің басшысы Н.Бейсебаев электр желі таратқышты қоршау жұмыстары алдағы уақытта жүзеге асырылатындығын жеткізді.

Ауданы басшысы Б. Нарбаев: -Жастарды оқыту, несие алу бойынша өте орынды сұрақ көтердіңіз. Қай уақытта болса да көмектесуге дайынмын, алдағы уақытта түсіндіру тобын жіберемін. Жастармен кездесіп, ақпарат алады-деді.

Есептік жиында аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің жыл бойы атқарған жұмыстарына ауыл тұрғындары қанағаттанарлық деген бағаларын берді.

Пікір қалдыру