• Валюта бағамы: USD 378.01 | EUR 420.88 | RUB 5.84 | CNY 54.64 |

МАҢЫЗДЫ ЖҰМЫСТАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

0

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Сарысу ауданында болып өңір тынысымен танысты. Онда бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ауданның хал-ахуалын бақылап қайтты.

Еркебұлан Дауылбаев әуелі Ақтоғай ауылындағы күрделі жөндеуді қажет ететін орта мектептің жай-күйімен танысты. Мұнан соң Жаңатас қаласындағы орталық ауруханада болды. Сондай-ақ, қала орталығында орналасқан «Үш алып» жатақханасының ғимаратын тұрғын үй ретінде қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Келесі кезекте күделі жөндеуді қажет ететін «Айгүл» балабақшасының бүгінгі хал-ахуалымен және алдағы жұмыс жоспарларын бақылап қайтты.Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Жаңатас қаласында бос тұрған үйлерді қалпына келтіру бағытында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 1 шағын аудандағы №5 тұрғын үйдің сапасын байқады. Аудандағы бірқатар нысандарды аралап шыққан Еркебұлан Дауылбаевтың жұмыс сапары соңында аудан әкімдігінің мәжіліс залында бірқатар басқарма және бөлім басшыларының қатысуымен жиын өтті. Басқосу барысында басқарма басшылары өз салалары бойынша баяндама жасап, ауданға қатысты мәселелерді Еркебұлан Әбілханұлының назарына ұсынды. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасарлары аймақтағы шешімін күткен мәселелердің себеп-салдарын түсіндіріп, жан-жақты талқылады.

Іссапар барысында Сарысу ауданы әкімі Балабек Нарбаев бүгінде жаңарған шаһарымызда 2000-нан астам адам пәтер кезегінде тұрғанын тілге тиек етті. Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жылы республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 1-шағынаудандағы №5 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағдарлама аясында Жаңатас қаласындағы бос тұрған үйлерді қалпына келтіру бағытында жұмыстар атқарылуда.Жуырда осы тұрғындардың бірқатарына баспаналы болу бақыты бұйырмақ екендігін айтып, қаланың 1-шағынаудандағы тұрғын үйдің қайта жаңғырту, жөндеу жұмыстарын көрсетті.Атқарылып жатқан жұмыстар барысын өз көзімен көрген Еркебұлан Әбілханұлы бастаған топ бас мердігермен жолығып, көпқабатты үй пәтерлеріне жеке-жеке кіріп, сапасын байқады. Аудандағы бірқатар нысандарды аралап шыққан облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапары Басқосу барысында басқарма басшылары өз салалары бойынша баяндама жасап, ауданға қатысты мәселелерді Еркебұлан Әбілханұлының назарына ұсынды. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасарлары аймақтағы шешімін күткен мәселелердің себеп-салдарын түсіндіріп, жан-жақты талқылады.

Пікір қалдыру