• Валюта бағамы: USD 386.91 | EUR 428.81 | RUB 5.79 | CNY 54.79 |

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

0

Сарысу ауданына көгілдір отын келе бастады. Болашқата ол барлық елді мекендерді қамтуы мүмкін. Бұл туралы аудан әкімі Балабек Нарбаевтың халықпен есепті кездесулерінде айтылуда.
Бірқатар елді мекендерде өткен жиын, Игілік ауылында жалғасын тауып, өңірге қатысты бірқатар маңызды мәселелер айтылды.
Игілік ауылындағы есепті жиында Балабек Нарбев пен ауыл әкімі Айбол Бердібаев атқарған жұмыстары туралы баяндама оқыды, көпшілік сұрақтарына жауап берді. Жиында көтерілген басты сұрақ Саудакент – Игілік арасындағы 5 шақырым тас жолдың жағдайы болды.
Сарысуда тірнектеп тіршілік жасап жатқан тұрғындар да жеткілікті. Олардың әл ауқатын жақсарту үшін кешенді жұмыстар жалғасын тауып келеді дейді аудан басшысы.
Балабек НАРБАЕВ / аудан әкімі / өткен жылы еліміз үші 2018 жыл берекелді жыл болды. Мемлекетміздің экономикасы саяси жүйеде әлеуметтік елеулі реформалар қарастырылды./
Әлбетте, жұмыссыздықпен күрес, мал және егін шаруашылығын дамыту – үнемі күн тәртібінде. Ал, Сарысуда сүйінші сұрайтын бір жаңалық – көгілдір отынның келе бастауы болса керек. Әзірге бірнеше елді мекенге жеткен газ, Жаңатасты да айналып өтпейді екен. Яғни, Сарысу ауданында жүйелі жұмыстар жасалып, тыңдырымды тірлік бар.

Пікір қалдыру