• Валюта бағамы: USD 378.17 | EUR 429.11 | RUB 5.88 | CNY 56.48 |

САРЫСУ АУДАНЫ ЖАҢААРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӘКІМ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

0

Бүгін Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінде аудан және ауылдық округ әкімдерінің есебі тыңдалды.
есептік жиында ауылдық округте қазіргі таңда жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтарында
Мүйізді ірі қара – 1061 бас
Қой – ешкі – 24937 бас
Жылқы – 701 бас
Түйе – 1 бас
Құс – 803 бас бар. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы бірнеше шаруа қожалықтары мал алып мал басын арттырып отыр. Сонымен қатар, мал тұқымын асылдандыру бағыты бойынша есепті жылы 42 бас қошқар («Баян» ш/қ — 20 бас, «Берекелі жон» ш/қ — 11 бас және Қасымбеков Е. — 11 бас ), 2 бас бұқа («Бірлік» ш/қ — 1бас, «Диас» ш/қ — 1 бас ) сатып алынды. Шаруа қожалықтарының жұмыстарын жетілдіру, жеке кәсіпкерлікті дамыту және мал тұқымдарын асылдандыру мақсатында жұмыстар жыл сайын дамып келеді. Қазіргі таңда, «Бірлік», «Ақтоғай» «Жастар», «Белең» «Орал» және «Диас» сияқты шаруа қожалықтары мал тұқымдарын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізіп, мемлекет тарапынан субсидия алуда. «Диас», «Бірлік» «Ақтоғай» шаруа қожалықтары қозы етін экспорттау бойынша Мерке ет комбинатына 20,0 тонна қозы етін өткізгендігі жайлы, басқа да мәліметтер кеңінен айтылды.
Сарысу аудан әкімі Балабек Нарбаев аудан көлемінде атқарылған жұмыстармен Елбасының рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалық мақалалары аясында тоқталып өтті.
Слайд арқылы аудандағы барлық атқарылған жұмыстармен таныстырып, көпшілік көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
Осы есептік жиында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмашбек Әділбеков сөз сөйлеп, аудан әкімінің есебіне өте жоғары баға берді.
Сонымен қатар Ақтоғай елдімекенінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Аппазов, ауыл тұрғындары Мырзағали Әлиев, Тұрсынқұл Рахымбеков, Темірхан Рахымбековтер сөз сөйлеп ұсыныс пікірлерін жеткізді. Жиыннан соң «Қаратау» тау- кен өңдеу кешені Бақыт Сарбаев; — Есептік жиында тұрғындар барлық атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан басшысы Балабек Нарбаев мырзаға жастар алғысы шексіз. Жиын өте жоғары деңгейде өтті, -деді.

Пікір қалдыру